Кез келген тілдің морфологиялық құрылымы сөздің құрамы мен сөзтұлғаның құрылымын зерттеумен тікелей байланысты. Ал, тілдің морфологиялық құрылымын анықтау деген сөз – сол тілдің қасиетін, ішкі мән-мазмұнын, өзге тілдермен салыстырғандағы басты ерекшелігін айқындау деген сөз. Бұл тілдің қазіргі синхрониялық құрылымы мен оның тарихи дамуының морфонематикалық ерекшеліктерін зерделеумен де тығыз байланысты. Морфемалар тіліміздің құрылыс материалдары сияқты.Ондағы түбірлер мен негіздер, туынды сөздер және тағы басқа тіл бірліктері, ішкі жүйені құрайды. Морфологиялық жүйе көптеген грамматикалық категориялардың, бір-біріне оппозицияда тұратын тұлғалардың жиынтығы. Бұл жердегі морфологияны зерттеу дегеніміз – тілдік жүйенің негізін, құрылысын зерттеу деген сөз. Мақалада профессор Мархаббат Томановтың еңбектеріндегі морфологиялық тұлғалардың тарихи дамуы туралы сөз етіледі.
ТАРИХИ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Жарияланды July 2021
507
502
Аннотация
Тілі
English
Кілттік сөздер
қазақ тілінің тарихи грамматикасы, грамматикалық категория, морфология,түбір сөз, туынды сөз,аффиксация
Как цитировать
[1]
Нұрғали, С. 2021. ТАРИХИ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДАМУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 98–103. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.16.
