Ана тілінің қолданылу аясын кеңейту – үнемі назарда болуды талап ететін мәселе. Тіл мәдениетін меңгеру, тұлғаның сөздік қорын үздіксіз байыту, қазақ халқының мәдени және тілдік мұрасын қолдана білу - қазақ тілін үйренуші әрбір адамнан талап етілуі тиіс. Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – мәдениетті, шешен сөйлей білу. Мақалада шешендік сөз өнерін меңгерудің өмірде алатын орнына тоқтала отырып, жастардың бойына сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда тілдік құралдарды саналы іріктеудің маңыздылығына тоқталған. Сонымен қатар тіл мәнерлігін арттырудың жолдарына тоқтала отырып, сөйлеу мәдениетін дамыту әдістері мен жолдары, сөз этикасының құрылымы туралы мәселелерді көтереді. Сөз мәдениетінің сақталмауының себептерін аша отырып, авторлар оны жоюдың жолдарына тоқталған. Сөйлеудің мәнерлігін арттырудың бірден-бір жолы көркемдеуіш құралдарын орынды пайдалану деген тұжырым жасалған.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Таңсықбаева , Б. і Қаламбаева , Г. 2021. СӨЗ МӘДЕНИЕТІН МЕҢГЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(71) (Чер 2021), 640–645. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7804.108.