Бұл мақалада синтаксисті семантикалық тұрғыдан оқытуда қолданылатын лингвистикалық әдістер талқыланған. Сөз тіркесі синтаксисін семантикалық тұрғыдан оқытуда проф. Н.Құрманованың сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында қарастырғанлингвистикалық әдістері басшылыққа алынды. Мақалада «Сөз тіркесі синтаксисін оқытуда қандай әдістер тиімді?» деген сұрақтың төңірегінде жүйелік-құрылымдық талдау, модельдеу, синтагмалық талдау, валенттілік талдау, оппозициялық талдау, лингвистикалық эксперимент, грамматикалық талдау және кубизм әдістері қарастырылған. Әдістің оқу процесінде қолданысы да мысалдармен нақталанған. Әдіс – оқыту нысанын жан-жақты ашып білу, заңдылықтарын айқындауда қолданылатын амал-тәсілдер.
Сөздердің байланысу тәсілдері сөздердің байланысу формаларын жасайды. Сөздер байланысқа орын тәртібі, жалғау, шылау, ұласпалы интонация тәсілдері арқылы түсетіні белгілі. Осы тәсілдер парадигма құрай келе, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен байланыс жасаудағы қызмет мүмкіндіктері анықталды.Сөзге көбіне статикалық күй, ал сөз тіркесіне динамикалық күй тән болғандықтан сөз тіркесі жаңа деңгейдегі мағынаға ие болады.