Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған June 2021

130

150

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Рауандина

п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж. Бабажанова

магистр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Аңдатпа

Мақалада ана тілін оқыту мәселесі сөз болады. Қазақ тілін оқытудың нәтижелі болуына әсер ететін негізгі факторлар айқындалған. Олардың бірі мұғалімнің дайындығы болса, екіншісі сабақтың мақсатына, меңгертуге ұсынылатын білім мазмұнының ерекшелігіне орай оқушылардың іс-әрекетін тиімді үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар мақалада білім мазмұнына, оқушылардың білімі мен дағдысына сәйкестендірілген оқыту әдістерін анықтаудың маңыздылығы айтылады. Сондықтан "жаңа білімді ескі білімге байлап берудің" тиімді болатыны көрсетілген. Мақалада грамматикалық білімдерді меңгерту, оның ішінде етістіктің шақтарын оқыту мәселесі сөз болады. Етістік морфологияның ең күрделі аспектілерінің бірі. Етістіктің шақтарын меңгертудің заманауи әдістері көрсетілген. Анықталған әдістер тілдік ережелердің оқушының бойында білім қоры ретінде жинақталып қалмай, танымын кеңейтуге және әлеуметтенуіне ықпал ететіндігі дәйектелген. Ол оқушының өзін қоршаған ортамен тіл табысуының тетігіне айналмақ.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Рауандина, А. і Бабажанова, Ж. 2021. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 487–491. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.44.