Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ТҮРІК ТАРИХИ РОМАНЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ

Жарияланған June 2021

159

130

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы,Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж. Әбелдаев

PhD докторант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Алматы,Қазақстан.

Аңдатпа

Түріктің тарихи романының туу, қалыптасу және даму тарихы бар. Ол өзінің тарихи шындығымен тығыз байланысты дамыды.

Алғашқы тарихи романдарға негіз болған прозалық үлгілер түріктің ортағасырлық классикалық прозасында көрініс тапса, кейін ол XIX ғасырда Танзимат әдеби кезеңінде европалық проза негізінде қалыптасып дами түсті. Сондықтан түріктің тарихи романының генезисі сол XIX ғасырдан емес, ортағасырлық Диван әдебиетінен және халық қиссаларынан негіз алды десек болады.

XIX ғасыр әлемдік мәдениетке үлкен өзгерістер алып келуі себепті Анадолы түрік әдебиеті де бұл үрдістен қалыс қалған емес. XIX ғасырдадағы түрік қоғамындағы ірі реформалар мәдени-әдеби аспектіні де қамтыды. Былайша айтқанда, ірі мәдени-әдеби жаңғыру үдерісін бастан кешті. Османдық социум алғаш рет Европалық өркениетпен жақындасты. Кейбір кезде ол өзінің Империялық мінезін көрсеткісі де келді. Дегенмен, бұл теке-тіресте батыстық мәдениеттің элементтері түрік мәдениетіне ене бастады.

Түріктің мәдени жаңғыруы негізінде әдеби үдерістер күрделі кезеңді бастан өткерді. Дей тұрғанмен, түріктің тарихи романы осы кезеңде қылаң беріп, ол түрік қаламгерлерінің қызығушылығын оятты. Танзимат кезеңінде алғашқы тарихи романдар батыстық үлгідегі ережелерді қабылдады, алайда, тарихи шындық тек Осман Империясының шындығымен қабысып жатқан еді.

pdf.