Ертегілер, бір халықтың ғана емес, адамзат баласының өсу, өркендеу жолын көрсететін тарихи жәдігерлік. Кез келген ертегіде жақсылық пен жамандық, бай мен кедей, туысқандық байланыстар мен отбасын, отанын қорғау сияқты мәселелер сөз етіледі. Сонымен қатар, ертегілер халықтың әлеуметтік өмірін ашық сипаттайтын ерекше қасиетке ие. Бала кезімізден естіп үйреніп қалған бай/кедей, жақсы/жаман, білімді/білімсіз, патша/құл, ақылды/сараңнан басқа ертегілерден баласыздық зары, отағасын күткен ананың уайымы, баланың сана сезімін қалыптастырудың әлеуметтік ерекшелігі, өмір сүрген географиялық орны мен табиғаттың көрінісі, бір сөзбен айтқанда әлеуметтік өмірі көрініс табады. Мақалада осы аталған әлеуметтік ерекшеліктер сараланып, оларға ертегі мәтіндерінен мысалдар келтіріледі. Сонымен қатар мақалада ертегі айтушы/шығарушы және оның өміріндегі әлеуметтік мәселелері ертегіде қалай көрініс тапқандығы туралы айтылады. Мақалада Қазақ әдебиетіндегі Алдар көсе туралы бес ертегі, Алаша Ханның ертегідегі және хикаядағы образының географиялық ерекшелігі, баласы жоқ отбасының “Ер Төстік” ертегісінен көрініс табуы, “Кім күшті” ертегісінің кіріспе бөліміндегі ертегіні айтушының әлеуметтік проблемалары мен бала тәрбиелеудің өзіндік ерекшелігі сөз етіледі.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұрғазиев , Т. 2021. ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 459–464. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.76.