Бұл мақалада қазақтың құдалық салтына қатысты тұрмыс-салт өлеңдерінің этнографиялық табиғаты талданды. Адамзат баласының даму жолдарындағы отбасы мен некенің даму тарихына негізделген зерттеулер жүргізілді. Қазақ қоғамындағы отбасын құрудың әлеуметтік, қоғамдық мәні ашылып, неке құруға қатысты салт-дәстүрлердің пайда болуы мен даму сатыларына сәйкес, құдалықтың семантикасы жан-жақты, жүйелі түрде ашылды. Ежелгі заманнан күні бүгінге дейін жеткен құдалық рәсімдерінің халықтың тұрмыс-тіршілігімен өзектес жатқан қырлары қарастырылды. Қазақтың құда түсу салтындағы «қан шығару арқылы» құдаласып серттесу, «құйрық-бауыр тарту» секілді көнеден келе жатқан рәсімдердің мәні ашылып, жаушы жіберу, жасау беру, қалыңмал төлеу, өлі-тірі беру, ұрын келу сияқты әдет-жоралғылардың құдалықтағы орны мен орындалу тәртібі, мағынасы қарастырылды. Құдалыққа қатысты жасалатын әрбір ырымның танымдық, тағылымдық сипаты сараланды. Сонымен бірге бұл дәстүрлердің бүгінгі заманғы жаңғыру, өзгеру жағдайларын салыстыру, талдау нәтиежесіндегі тұжырымдар түйінделді.
ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰДАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланған June 2021
106
111
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шегебаев , А., Қырғызбаева, А. і Халидуллаева , Г. 2021. ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰДАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 445–454. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.74.