Мақаланың мақсаты – XVIII-XIX ғғ. Маңғыстау ақын-жыраулары тіліндегі араб, парсы тілінен енген сөздердің этимологиясына талдау жасай отырып, осындай поэтикалық қолданыстардың жыраулар тіліндеқолданылу, сақталу уәжін,келу көздерін түсіндіру. Маңғыстау ақын-жыраулары тіліндегі араб-парсы сөздерін екі үлкен топқа жіктеп көрсеттік: біріншіден, діни ұғым-түсініктерге байланысты сөздер, екіншіден, образдық, көркемдік мақсатта қолданылған авторлық қолданыстар. Олардың кейбіреуі қазақтың өз сөздері тәрізді тұлғалық жақтан өзгеріп, жалпы халыққа бірдей түсінікті сөздер болса, енді біреулерін арнайы діни сауаты бар адам ғана түсінеді және араб тіліндегі тұлғасын сақтап қолданылған сөздер. Зерттеу нәтижесінде жыраулар тіліндегі араб, парсы сөздерінің поэтикалық мақсатта, белгілі бір діни ұғым-түсініктерге байланысты қолданылғандығы, оның өзі жыраулардың біріншіден, ортаазиялық түркі әдеби дәстүрінен мол хабардар болғандығының, екіншіден, мұсылманша аса сауаттылығының көрсеткіші деген қорытынды ойға тоқталдық.
XVIII-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ ТІЛІНДЕГІ АРАБ-ПАРСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Жарияланған June 2021
141
116
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұрдәулетова, Б. 2021. XVIII-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ ТІЛІНДЕГІ АРАБ-ПАРСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 430–436. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.72.