Мақалада түрік реалистік новелла жанрының негізін салушы Омер Сейфеддиннің суреткерлік шеберлігімен қатар, осы шағын жанрда тудырған құнды дүниелері тақырыптық, идеялық тұрғыдан талданады. Жазушының қазақ тілінде жарық көрген “Ескекші”, “Елші”, “Басын бермеген шейіт” атты туындыларындағы түрік этносына тән өршілдік рух, қаһармандық пафосты талдап көрсете отырып, автордың оқырман бойында оятатын отаншылдық, елжандылық сезімі және беретін эмоционалды-экспрессивті әсері көрсетіледі. Өміршең туындыларымен әдебиет төрінен өзіндік орын алған О.Сейфеддин шығармаларын оқытудың өзектілігі мәселесі қарастырылады. Ел бірлігі мен бостандығы үшін отқа түсіп, өз өмірін ұлт мүддесінен артық қойған жандардың қаһармандық әрекетін дәріптеу, насихаттау арқылы автор кейінгі жас ұрпақты елжандылыққа, адалдыққа, батырлыққа тәрбиелеуді көздегені баяндалады. Бауырлас түрік халқының көрнекті жазушысы О.Сейфеддиннің гуманизмге толы туындыларының өміршеңдегі дәйектеледі.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асқарова, Г. 2021. ОМЕР СЕЙФЕДДИН НОВЕЛЛАЛАРЫНДАҒЫ ӨРШІЛ РУХ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 404–408. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.67.