Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы автордың негізгі ойы төңірегіндегі көзқарасы мен оқырманға әсерінің өзара байланысы турасында айтылады. Қазіргі қазақ прозасында постмодернизм белгілері мен оған тән штрихтар кеңінен көрініс табуда. Соның ішінде аполиттік көзқарас пен эстетикалық әсер автор мен оқырман арасында тығыз байланыс орнатады. Автордың көркем шығарманы жазу барысындағы айтылар ойдың негізін беруі – оның аполиттік көзқарасына тікелей байланысты. Автордың жеке көзқарасы шығарма тақырыбы мен идеясына басты негіз болып саналады. Оқырман автордың дүниетанымы яки көзқарасы арқылы эстетикалық әсер алады. Екі категория бірлесе отырып, көркем шығарманың өзектілігін танытады. Бұл – қазіргі қазақ прозасына тән постмодернистік белгілер.
Мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністерінің детальдық және менталитеттік аражігі ажыратылып, олардың прозадағы көрініс тапқан сюжеттері қарастырылған. Жазушы лабораториясының негізгі мәселелері талданып, постмодерндік бағыттыңбасты идеясы талқыланады.