Бұл мақалада М. Мағауиннің қазақтың трагедиясы суреттелген аштық тақырыбындағы әңгімелері кеңінен сөз етіледі. “Бір уыс бидай” әңгімесіндегі жазушының қарапайым қазақ әйелінің өткен өмірі мен ауыр өлімін суреттеу арқылы тарихи шындықты боямасыз жеткізудегі шеберлігі жүйелі түрде талдауға алынады. Қоғамның қасіретін тап басып айтқан қаламгердің өзіндік ерешеліктерімен қоса, образ сомдаудағы ұсталығы да зерделенеді, “Бiр уыс бидай” әңгімесінің жалғасы іспеттес “Бір қадақ бидай” шығармасындағы авторлық ой-тұжырымдар нақты айқындалады. “Қара Ләйлек” әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар мәселесі де бір ізділікпен сараланады. Әңгімелеріндегі парыз бен азаматтық міндетке ерекше екпін түсірген авторлық шешім де толықтай қамтылады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
проза, аштық, бидай, қоғамдық сана, саяси ахуал, трагедия, ұлттық құндылықтар, кие, обал, т.б.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әбдіқалық, К. і Алиева, Ж. 2021. МҰХТАР МАҒАУИН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АШТЫҚ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 383–388. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.63.