Қостілділік – Қазақстандағы тілдік жағдаяттың негізгі көрсеткіші. Мақалада орыс (бірінші тіл) және қазақ тілдерін (екінші тіл) меңгерген автохтонды этнос өкілдерінің орыс-қазақ қостілділігі қарастырылады. Зерттеудің негізгі нысаны интерференция және ұзақмерзімді тілдік қатынастар салдарынан билингвтер сөйлеуінде көрініс тапқан қателер болып табылады. Мақалада тілдік қатынастар теориясы, билингвизм және интерференция құбылыстарын зерттеудегі әртүрлі көзқарастар сипатталады. Жұмыста қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде насихаттауға бағытталған, интерференцияның жеке және топтық сипаттағы жаңа түрінің пайда болуына түрткі болған және қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаяты мен тілдік саясатын қалыптастырған тілдік үдерістерге шолу жасалады. Мақаланың практикалық бөлімінде интерференттік және узустық сипаттағы қателерді көрсететін тұңғыш парадигматикалық сұрастырым нәтижелері ұсынылады.
СУБОРДИНАТИВТІ БИЛИНГВИЗМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТІЛДІК БӘСЕКЕЛЕСТІК
Жарияланған July 2021
344
339
Аңдатпа
Тіл
Українська
Кілтті сөздер
Как цитировать
[1]
Нәбиева, Г. і Ибраева, Ж. 2021. СУБОРДИНАТИВТІ БИЛИНГВИЗМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТІЛДІК БӘСЕКЕЛЕСТІК. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 84–90. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.14.
