Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАНЫТУДЫҢ ТАРИХИЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ

Жарияланған June 2021

108

109

Сүлеймен Демирел университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Жұмақаева

п.ғ.к.,Сүлеймен Демирел университет профессоры, Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Мақалада Абай шығармашылығын танудың тарихилық ұстанымының маңыздылығы айтылып, негізгі ой түйіндер Абайтану бағытындағы тұжырымдармен дәйектеледі. Осы уақытқа дейін Абайдың өмірін, шығармашылығын, өнерпаздық тұлғасын, қазақ әдебиетіндегі алатын орнын жан-жақты зерттелу үстінде болды десек те, Абайтанудың бүгінгі арнасын кеңіту қажеттігі айқын танылуда. Абайтанудағы жаңа бағыт-бағдар Тәуелсіз ел мүддесімен қабысып жатыр. Кеңес кезеңіндегі зерттеу жұмыстарының көбінде еркін айтуға, ақын ойын, көзқарастарын бүкпесіз, түбірін қазып зерттеуге ырық бермей, социалистік мүддеге негіздеу жағы басым болды. Абайдың саяси-әлеуметтік тақырыптағы шығармаларын кеңес кезеңінің мүддесінде түсіндіруге күш салынғаны жасырын емес. Абай өлеңдері мен қара сөздерінде өрнектелген «қуатты ойды» таразылау, Абай ілімдерінің негізін терең таныту, «Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы» ретінде ұстанып, адамдықтың асыл қағидаты ретінде бойға тұту аса маңызды. Сондықтан Абай мұрасының концепциялық негіздерін таныту үшін тарихилық ұстанымға жүгінудің маңызы зор.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жұмақаева, Б. 2021. АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАНЫТУДЫҢ ТАРИХИЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 337–341. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.53.