Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМ ШЕШІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: (Р. Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман - хамсасының негізінде)

Жарияланған June 2021

146

141

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

М. Айтимов

ф.ғ.д., профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Каримова

PhD доктор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Бұл мақалада жазушы Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман - хамсасында хакім Абай және оның шәкірттерінің бірі Әбдірахман мен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың көркем бейнелері сомдалуындағы көркемдік ерекшеліктер (авторлық баяндау, диалог, монолог, мінездеу, портрет, т.б.) жүйеленді. Қазіргі қазақ прозасының романдары – ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс қозғалысы жүйесіндегі шығармалық еңбек нәтижелері. Қазақ тарихының кезеңдерін қамтыған алдыңғы толқын суреткерлер ізімен кесек туындылар жазған кейінгі толқын қаламгерлер шоғыры қазіргі қазақ оқырмандарының ұлттық - тарихи санасын оятуға, жаңаша қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Бұл орайда, Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман - хамсасы тарихи шындық пен көркемдік шешім ерекшеліктерін арнайы қарастыру нысанына алынған. Сонымен қатар, қазіргі қазақ романдарындағы реалистік сипат пен көркемдік қиял - реализм мен романтизм сарындары сабақтастығының көркемдік шешіммен орындалуын сарала талданған

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Айтимов, М. і Каримова, Г. 2021. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМ ШЕШІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: (Р. Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” роман - хамсасының негізінде). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 324–332. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.51.