Мақалада қазақ тіл білімінің дамуына, қазақ сөзінің қорын кеңейтуге қазақ сөзінің қуатын мен өміршеңдігін зерттеуге елеулі үлес қосып келе жатқан лингвист-ғалым, лингвомәдениеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Айтқалиқызы Манкееваның ғылыми тұжырымдарына талдау жасалады. Жамал Айтқалиқызы - қазақ лексикологиясы мен этнолингвистикасының негізін қалаушы Ә.Қайдар, М.Балақаев, І.Кеңесбаевтардың ізін жалғастырушы тұлға. Ғалымның зерттеулері қазіргі лингвомәдениеттанушы, этнолингвист мамандар даярлауда кеңінен қолданылатын сұранысқа ие еңбектер қатарынан табылып отыр. Ж.Манкееваның сөз бойындағы мәдени мағынаны айқындаудың тәсілдері мен этнолингвистикалық талдау үлгілері арқылы бүгінгі күні қазақтың сөздік қорындағы бірқатар тіл бірліктерінің жаңғырғанын, таныла бастағанын байқаймыз. Мақалада ғалым ұсынған талдау үлгілері таныстырылады. Сондай-ақ , ғалым Ж.Манкееваның шәкірт дайындау, ғылыми кеңес беру әдістері, рухани болмысы, ғалымдық әлемі жайында пікір ұсынылады. Ғылымды зерттеп қана қоймай, шәкірт дайындап, ғылыми ізді одан әрі жалғастыру, қазақ этнолингвистикасы мен лингвомәдениеттану саласының зерттелуін кеңейту мүддесіндегі ұстанған бағыттары туралы айтылады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мир ученого, национальный разум, лингвокультурология, этнолингвистический анализ, личность
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Есенова , К. 2021. ЖАҚСЫ ӨМІР ЖАҚСЫ ОЙЛАРДАН БАСТАЛАДЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 64–67. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.12.