Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЖЫРАУЛАР – АЗАТТЫҚ ЖАРШЫСЫ

Жарияланды June 2021

229

224

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ұ. Жанбершиева

ф.ғ.к., профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан.

Аннотация

Жыраулар поэзиясы арқылы еліміздің өткен тарихы сөз болады. Адамзаттың еркіндікті аңсауы жыраулар поэзиясындағы көрініс табуы ғылыми жүйеде сараланды. Жыраулардың еркіндікті аңсаған, тәуелсіздікті көксеген толғаулары сөз өнерінің құдірет күші екені айқындалды.

Бұл мақалада хандық дәуір әдебиетінің ерекшеліктері жайында сөз болады. Сол сияқты ұлттық әдебиетіміздің даму жолдары қарастырылған. Хандық дәуірдегі жыраулық поэзия өз тыңдаушыларына философиялық, адамгершілік мазмұнымен рухани күш, жігер беріп отырған. Жыраулар поэзиясында туған жердің тұтастығын, елдің бірлігі жырланып, еркіндік пен егемендік мәселесі кеңінен көрініс тапқан. Мақалада хандық дәуір әдебиеті туралы қазақ ғылымында жасалған зерттеулерге сүйене отырып, автор өзінің көзқарасын нақты білдіреді.

Сол сияқты автор қазақтың белгілі жыраулары: Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар тағы басқа жыраулар толғауларына әдеби талдау жасап бағасын берген. Мақалада хандық дәуірдегі жыраулардың орны мен атқаратын қызметі айқындалған.

pdf.