Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

МҰСТАФА ШОҚАЙ ХАТТАРЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Жарияланған June 2021

233

173

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Каримова

ф.ғ.к.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ғ. Тұяқбаев

ф.ғ.к., доцент

Аңдатпа

Мұстафа Шоқай – тұңғыш қазақ эмигранты, шетелдерде саяси эмиграцияда жүріп ұлт бостандығы, мемлекет тәуелсіздігі, түркі халықтарының бірлігі жолында күрескен қоғам қайраткері. Ол Қоқан автономиялық республикасының негізін қалаушы. Кеңестік идеологияның шағын ұлт өкілдері мен олардың саяси қайраткерлеріне деген қысымынан мәжбүрлі түрде шетелге қоныс аударған. 1917 жылы билікке келген большевиктер үкіметіне барынша қарсылық танытып, Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіру жолында күрескен.

Саяси көзқарастары мен ұстанымдарын қазақ, орыс, ағылшын, француз, түрік тілдерінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, Шығыс, Батыс, Европа мемлекеттерінің саяси қайраткерлеріне өзін саяси күрескер ретінде мойындатқан. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында әлем саясаткерлерімен байланыс орнатқан.

Мұстафа Шоқай шетелдерде жүріп бірнеше саяси-қоғамдық журналдар ашып, өзін публицист, редактор ретінде танытқан. Оның артында публистикалық мақалалары мен естеліктері, түрлі деңгейдегі жиындар мен форумдарда сөйлеген сөздері қалды. Осындай мұраларының арасында М.Шоқайдың саясаткерлермен, ғалымдармен, мемлекет басшыларымен, туған туысқандарымен, өнер адамдарымен жазысқан хаттарының орны ерекше.

Мақалада М.Шоқайдың эпистолярлық мұрасы және оның тарихи маңызы туралы сөз болады.

pdf