Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

МҰСТАФА ШОҚАЙ ҚАЗАҚ ЭМИГРАНТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Жарияланған June 2021

181

140

Қорқыт Ата aтындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Каримова

к.ф.н

Қорқыт Ата aтындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ғ. Тұяқбаев

ф.ғ.к., доцент

Аңдатпа

Мақалада қазақ эмигранттық журналистикасының қалыптасуы мен тарихы туралы сөз болады. Автор саяси ғылымдардағы зерттеулерді негізге ала отырып диаспора, эмигрант, ирридент ұғымдары аясында қазақ эмигранттық журналистикасының қалыптасуы мен даму тарихын зерттеудің өзектілігіне тоқталады. Шетелдерде жарық көрген және шығатын қазақ тілді басылымдарды шығу тарихын, ұстанған бағыт-бағдарын саралай отырып, эмигранттық басылымдар және шетелдердегі қазақ тілді басылымдар деген мәртебе тұрғысынан қарауды ұсынады.

Ұлттық тарихымызда ерекше орны бар қоғам және саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың редакторлық, публицистік еңбектеріне талдау жасай келе, М.Шоқайды қазақ эмигранттық журналистикасының негізін қалаушы ретінде көрсетеді. Оның түркі халықтарының бірлігі мен азаттығы үшін күрес жолында ақпарат құралдарын басты саяси құрал ретінде пайдаланғандығы, өзі де бірнеше эмигранттық басылымдардың өмірге келуіне бастамашы болғандығы дерек көздерін негізге ала отырып ашылған.

pdf (English)