Мақалада әлем әдебиетіндегі әдеби құбылыс – постмодернизм әдебиетінің негізгі белгісінен саналатын «интертекстуалдылық» элементтерінің байланысы мен қызметі Кобо Абэ романдары негізінде анықталды. Жапон постмодернистік әдебиетінің көрнекті өкілі Кобо Абэнің қазақ тіліне аударылған «Құм құрсауындағы әйел», «Бөтен бет» романдарына интертекстуалдылық байланыстар аспектісіне талдау жасалды. Автордың аталған романдарындағы интертекстуалдылық элементтер: аллюзия, цитация, афоризм, пародия және олардың байланысы мен қызметі нақтылы мысалдар негізінде дәлелденді. Постмодернизм әдебиетінде интертекстуалдылық басты орынға шығады: мәтіндер арасында байланыс бар, олардың кез-келгені әлем әдебиеті контекстінде көрініс табады. Интертекстуалдылық басқа әдеби туындыға сілтеме бола алады, онымен салыстыруға болады, стилін алуға болады. Жазушының ежелгі даналар сөздеріне, сопылық ілім өкілдеріне, діни мазмұндағы кітаптарға, батыстық философияға, публицистикалық материалдарға, ғылыми-танымдық мақалаларға сілтеме жасап, келтірген үзінділері анықталды. Бұл Кобо Абэ шығармашылығының постмодернистік эстетикаға толыққанды жауап беретін шығармалар екендігін дәлелдейді. Кобо Абэ романдары постмодернистік еркіндікті, жаңашыл эстетиканы пайдаланып, бүгінгі әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық тенденцияларға терең бойлай алған, интеллектуалдық дәрежесімен әлем әдебиетінің бір бөлшегіне айналғаны нақтыланды.
КОБО АБЭ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Жарияланған June 2021
110
3
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Токшылыкова , Г., Каримова , Г. і Тутбаева , Ж. 2021. КОБО АБЭ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 334–341. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.71.