Тіл қоғамдық құбылыс ретінде онтологиялық және гносеологиялық, прагматикалық аспектілерде зерттеу тілдің қазіргі ерекше қолданыстық мәнге ие болып отырған тұсында маңызды болып саналады. Қазіргі тілтанымның негізгі бағыттарының бірі тілдік құбылысты тек формалды жүйе ішінде ғана емес, әлеуметтік ортада қолданылатын қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру болып табылады. Қарым-қатынас теориясында тілдік варианттылықтың басқа түрлерімен қатар функционалды стилистиканың типтерін де жоғарыда аталған салалар шеңберінде жүйелі, кешенді зерттеу қажеттігі байқалады. Себебі тіл қызметі мен қоғамдық сана түрлерінің өзара шынайы қатынасын тану үшін, тілдік тұлға мен ұжым санасындағы білімдер жүйесіне сәйкес қалыптасатын тіл және сөз стильдерін ажырату үшін стилистиканың лингвокогнитивтік негіздерін анықтап, жаңаша трактовка жасау керек. Сол арқылы тілдің мәдени-интеллектуалдық, коммуникативті-прагматикалық әлеуеті мен тілтұтынушылардың метакогнитивтік қабілетінің арақатынасы, тіл және сөз стильдерінің лингвокогнитивтік негіздері анықталады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әміржанова , Н. 2021. ТІЛ ЖӘНЕ СӨЗ СТИЛИСТИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК ДИХОТОМИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 37–43. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.07.