Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

Ш.САРЫБАЕВ АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКАДАҒЫ ТАҒАМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА

Жарияланған June 2021

138

157

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

М. Атабаева

ф.ғ.д., профессор

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Л. Булекбаeва

PhD докторант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Жылқыбаевa

ф.ғ. д., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,Өскемен, Қазақстан.

Аңдатпа

Этномәдени бірліктер парадигмасының көлемдісі - ас-су, тамақтануға байланысты бірліктер деуге болады, өйткені тағам, оның түрлері, тамақтану дәстүрі халық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл парадигмада халықтың географиялық жағдайына үйлескен өндірістік қатынастар үдерісіндегі тіл иелерінің шаруашылық әрекетінің нәтижесі түгел көрініс табады.Этнографиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда, заттық мәдениеттің киім-кешек, үй-жай т.б. түрлері сияқты емес, тамақ, тамақтану дәстүрі этникалық, мәдени-тұрмыстық белгілері жағынан тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық тілі ала-құлалығы елеусіз, ортақтығы басым тіл, сол себепті қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі сөйленіс аталып, сөйленістер тобына бөлінеді.Аймақтық лексикада қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністері болып табылатын ас-су,тамақтануға байланысты этномәдени мазмұнды бірліктер де бар.Мақалада осы ас-су тағам атауларының лексика-семантикалық ерекшеліктері, оның Ш. Сарыбаев еңбектеріндегі жіктелісі мен тамақтану үдерісін дискурстық деңгейде зерттеу қажеттілігі жайында сөз болады.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Атабаева, М., Булекбаeва Л. і Жылқыбаевa А. 2021. Ш.САРЫБАЕВ АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКАДАҒЫ ТАҒАМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 137–143. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.21.