Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЛИРИКАСЫ

Жарияланған June 2021

226

153

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж. Султангалиева

магистр

Аңдатпа

Мақалада Ф.Оңғарсынова өлеңдерінің лирикалық кейіпкері кім және автормен қарым-қатынасы, көркемдік пен шеберлік өрнектері сөз болмақ. Сонымен бірге, Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық өлеңдері, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырларын әр қырынан пайымдау көзделген.

Ғылыми мақалада көрнекті ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының эстетикалық танымы мен ақын шығармашылығын салыстырмалы талдау жасау сияқты міндеттер алға қойылған.

Мақаланың негізгі мақсаты ақын өлеңдерінің тақырыптық, жанрлық түрленуіне байланысты мазмұндық, тәрбиелік мәнін ашу, көркемдік құралдарды пайдалану ерекшелігіне тоқтала отырып, ұлттық бояудың қанықтығын, стилін анықтау болып табылады. Фариза жырларынан ақын жүрегінің мазасыз дүрсілін оның қаһармандарының өмірдің әрбір қалтарысына мазасыз көзқарасын ұғынғандай боламыз. Ақын өлеңдері автордың өз мінезін, қоршаған ортаға көзқарасын анықтайды. Өйткені оның поэзиясы өршіл поэзия, сырлы да суретті поэзия екендігі көркемдікпен сараланады.

pdf