Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

БАҚҚОЖА МҰҚАЙДЫҢ «ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚҰРАЛДАР МЕН ӘДІСТЕРДІҢ РОЛІ

Жарияланған June 2021

262

289

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж. Сейсенбаева

ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романындағы замана шындығын суреттеудегі көркемдік құралдар мен әдістердің рөлі сөз болады. Романдағы өмір шындығының көркем шындыққа айналу жолындағы бейнелеуші әдіс-амалдардың негізгі қызметін баса көрсетіп, суреттелген кейіпкерлердің адами болмысының барынша ашылуына айрықша көңіл бөліп, көркемдік тұрғыдан тұжырымдалуы туралы сараптама жасалды. Мақаланың мақсаты қазақ көркем прозасындағы өзіндік болмысы мен дара қолтаңбасы айқындалған шығармалардың шындықтың әсерлі көркемделуіне, ой мен образға, адамгершілік парасаттылыққа, терең философиялық мәнін ашуға бағытталған. Жазушы шығармаларының құндылығы да суреттеудің нақтылығымен шынайылығында болса керек. Әдебиеттің өзіндік танымын терең түсінген жазушы оның бар қадір-қасиетін көркем туындыға сыйғызуға бар күшін салған. Сол себепті де тарихи шындықты бұрмаламай, оықырманына нанымды суреттеу арқылы шығарманы шырайландыра түскен. Әдеби теориялық бағдарды бетке ұстар болсақ, жазушы бұл шығармада ұлт болмысына сай жаңа характер сомдаған. Б. Мұқай өз туындыларында көркемдік тәсілдерді пайдаланып, ұлттық характер сомдап, тың идеялық шығармаларымен барынша танымал болған қаламгер. Шығармада бейнеленген өмір құбылыстары сол туындының тақырыбы десек, әдеби шығарманың идеясы оның мазмұнындағы бірлік тұтастығы.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сейсенбаева , Ж. 2021. БАҚҚОЖА МҰҚАЙДЫҢ «ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚҰРАЛДАР МЕН ӘДІСТЕРДІҢ РОЛІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 302–306. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.65.