Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ДРАМАТУРГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Опубліковано June 2021

249

244

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г Каримова

PhD доктор

Анотація

Біздің әдіснамамыз үшін қазіргі қазақ драматургиясын оқытудың басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау өте маңызды. Егер әдебиет сөз өнері болса, драматургия адам танымындағы әдебиет құралдарының бірі болып табылады. Драма өмір шындығын көрсету тәсілдерінің бірі ретінде лингвистика, тарих, психология, эстетика, мәдениеттану және әдебиеттану сияқты ғылымдармен байланысты.

Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық драматургияның дәстүрлерін шығармашылықпен сіңіре отырып, ұлттық драманың дербес бағытын, оның инновациялық дамуын анықтады.

Ақпараттық ағынның даму қарқыны, сөз өнерін игеру мотивациясының төмендеуі, көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі ғалымдар мен әдіскерлерді, ата-аналарды және бүкіл қоғамды ойландырады.

Мақалада көркемдік табиғатына сәйкес көркем әдебиет мұраларын танудың мүмкіндіктері, автордың идеялық-эстетикалық мәнін түсінуі, сезімді қабылдау, жинақтау және мазмұнын түсіну дағдыларын қалыптастыру, шығарманың негізгі идеясы әдебиет пен ғылымның басқа салалары арасындағы байланыста қарастырылады.

pdf
Мова

Українська

Як цитувати

[1]
Каримова, Г. 2021. ДРАМАТУРГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 344–350. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.56.