Мақалада қазіргі білім берудің мазмұнына сай Блум таксономиясымен оқыту туралы сөз болады. Жоғары оқу орнындағы білім мазмұнына негізделген Блум мақсаттарының сипаты және оның артықшылықтары қарастырылды. Технологиядағы білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау мақсаттарының білімалушылар үшін маңызды тұстары анықталды. Студенттерге курсты меңгерту бойынша жүргізілетін дәрістер мен семинар сабақтарын аталған мақсаттарға негіздеп жүргізудің тәжірибеде тиімділігі айқындалды. Білімгерді жан-жақты дамыту мақсатында, пәннің ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, саналылық, көрнекілік, т.б негізгі ұстанымдардың басшылыққа алынатыны және студенттің оқу-танымының қандай деңгейде дамитыны айтылды. Блум мақсаттарының оқу материалын теориялық және әдістемелік мәселелер төңірегінде кешенді қолданғанда белгілі нәтижелерге жетуге болатынына сараптама жасалды. Студенттерге теориялық білімді меңгертуімен қатар, аталған жүйенің оларды шығармашылыққа апаратыны туралы тұжырым жасалды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ерхожина, Ш. 2021. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН БЛУМ МАҚСАТТАРЫ АРҚЫЛЫ БЕКІТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 317–321. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.51.