Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ

Жарияланған June 2021

430

425

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Оралова

ф.ғ.к.

Аңдатпа

Абай Құнанбайұлы – өмір шындығын дәл бейнелеп, одан қорытынды шығара білген ақын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласын негізге ала отырып, Абай шығармаларының тәрбиелік мәні талданды.

Абай өз шығармалары арқылы әрбір адам оқыған, тәрбиелі, мақсаты айқын, анық болу қажет деген талап қойып, келер ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл аударған. Мақалада Абай шығармалары жастарды білімге, ғылымға, еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін зор идеялы және ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық кодты айқындауда ұрпаққа рухани жол көрсетер туындылар екендігі талданды. Жақсы өмір сүру, өмірді тану, өнерді үйрену бәрі еңбекпен келетіндігі Абайдың шығармалары арқылы дәлелденген. Ұрпақ тәрбиелеуді үйрететін тағылымды шығармаларының, суреткерлік, сыншылдық, сипаты ғалымдар пікірлерімен дәйектелініп айқындалды. Абай өлеңдерінің шыншылдығы әлем классиктері туындыларымен сабақтастықта талданды. Сөзі орамды, тілі өткір қарасөздерінің тәрбиелік мәні сараланды. Дәстүр жалғастығы аясында Абай шығармаларының өміршеңдігіне, көркемдігіне әдеби теориялық талдаулар жасалынды. Жұмыстың қорытындысында ақынның ғибратты туындылары келер ұрпаққа өнегелі ой, ғибратты үлгі, өмір ережесін, тәрбие тағылымын ұсынатындығы пайымдалған.

pdf
Тіл

Українська

Як цитувати

[1]
Оралова , Г. 2021. АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 271–276. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.59.