Мақалада қазақ жазба әдебиетінің қалыптасу тарихы мен Абайдың жазба әдебиетке қосқан үлесі туралы баяндалады. Кеңес өкіметі кезінде қазақтың төл жазуы ХІХ ғасырда ғана қалыптасты деген пікірлерге жаңаша көзқараспен қарайды. Қазақ жазба әдебиетінің «түп төркіні» ерте дәуірлерде қалыптасқанын, оның нақты белгілері көне ескерткіштер саналатын Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандарға арналған тарихи жыр-жазбалар мәтінінде тұрғандығына тоқталып өтеді. Тіпті оған дейінгі дәуірлерде дүниеге келген Ергенекөн, Көк бөрі, Шу батыр, Атилла т.б дастандардың көркемдік желісімен арадағы дәстүр сабақтастығының бар екендігіне назар аудартады. Ал Абай-алып қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған жоқ, қайта ол өзіне дейінгі өрісін кеңге жайған ұлттық жазба әдебиеттің алтын қорынан терең сусындағанын, өнерпаздықтың жаңа сападағы қырларын ашқандығына талдау жасайды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
абайтану, жазба әдебиет, қара сөз, поэтика, ұлттық ойлау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Найманбаев , А. і Ербай T. 2021. ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АБАЙ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫНЫҢ СЫРЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 256–260. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.56.