Осы заманғы қазақ көркем әдебиетінің алатаудай заңғар биігі, қазақ сөз өнерінің кемелденуі мен шымырлануына өлшеусіз үлес қосқан талантты жазушылардың бір де бірегейі – Шерхан Мұртаза. Қаламының ұшымен халықтың өткені мен бүгінінің сан-қилы тағдырын тебірене, күйіне, сүйіне суреттеген жазушының әдеби мұрасының ішінде, шағын жанр әңгімелерінің, әдебиетімізде алар орны ерекше.
Еліміз тәуелсіздігін алып, ұзын құрық, кең тұсауға қол жеткізген тұстан бері, ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мезгілге дейінгі ұлт басынан өткен өмір шындығын көркем шындыққа айналдыру үшін қызмет ету – жазушының басты міндеті. Себебі, жазушының ең асыл мұраты – халық мүддесі [1,14]. Осыны ескерсек, Шерхан Мұртазаның тәуелсіздік таңы атқаннан кейінгі жазған әңгімелерінде қазақ халқының өмір соқпағындағы түйткілдер мен келеңсіздіктер, дарақылықтар мен даңғойлықтар реалистік тұрғыда, ашты әжу сарказммен, жұмыр да тартымды етіп айшықталған.
Мақалада жазушының «Тәуекел тойы» әңгімесіне әдебит теориясына сүйене отырып, талдау жасалған. Әңгімелердің сюжеттік-компазициялық құрлымын талдау арқылы, шығарманың идеялық мазмұны терең талданады. Шығармадағы авторлық идеянының өмір шындығымен байланысын айқындайды. Әңгімеге арқау болған жазушының концепциясын (дүниетанымын) айқындау үшін, шығарманың көркемдік әлеміне, оқиғалардың маңыздылығы мен образдардың бейнелілігіне, шығарма тілі мен стиліне зерттеу жүргізілген.