Бұл мақалада М.Әуезовке түсініксіз болған Абайдың «Жаз» өлеңінің түпнұсқасы туралы алғаш рет сөз етіледі. М.Әуезовтің осы өлеңнің кейбір жолдарына ақын қолтаңбасы екендігіне күдікпен қарауы алдымен қарастырылады. Түпнұсқаны анықтауда ақынның көзі тірісінде жарияланған газеттік нұсқа негіз етіледі. «Жазды күн шілде болғанда» деп басталатын өлең «Дала уалаятының газетінде» 48 жолмен берілсе, ақын жинақтарында 60 жолмен берілуі текстологиялық жолмен зерделенеді. М.Әуезовтің көңіліне қонбаған осы артық жолдардың қажетсіздігі тұңғыш рет дәлелденеді. Газеттік нұсқаны академиялық жинақтармен салыстырғанда кездесетін өлеңдегі жекелеген сөздердің дұрыс-бұрыстығына да көз жеткізілді. Текстологиялық сырын қарастыруда ұлы ақынның шын шеберлігін аша түсетін Абай өлеңінің газеттік нұсқасы негізгі әрі түпнұсқа екендігі айқындалады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мәтін, қолжазба, түпнұсқа, тұжырым, мәтіндік айырмашылықтар, газеттік нұсқа, болжам, қателер, поэзия, жинақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әбдіқалық , К., Асанбаева , С. і Орынханова , Г. 2021. М.ӘУЕЗОВКЕ ЖҰМБАҚ БОЛҒАН АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 215–219. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.47.