Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЛАМГЕР ЖӘНЕ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ (Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы автор бейнесі)

Жарияланған June 2021

156

178

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Сманов

п.ғ.д., профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ш. Құттыбаев

докторант

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е. Абдимомынов

докторант

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы автор бейнесінің қалай сомдалғаны, көркемдік ерекшеліктері теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талданады. Мұнда, бас кейіпкер Барысханның ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қиын кезеңдердегі өткен балалық шағы «Халық жауы» атанған отбасының тағдыр-талайы арқылы терең ашып көрсетіледі. Кейіпкердің жан-дүниесі, арман-мұраты, іс-әрекеті қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтар аясында айқындала түседі.

Текті атаның ұрпағы Барысхан сонау 37-жылы әкесі Мұртаза «халық жауы» деген жалған жаламен ұсталып кеткен соң, тірексіз қалған жалғыз анасы мен бірге туған кішкене бауырларына қамқор болуға тырысып, колхоз жұмысына тым ерте араласады. Бұлардың отбасына қоқан-лоққы жасап, ылғи зорлық-зомбылық көрсетуге тырысатын Тасбет сияқты колхоз белсенділеріне жас та болса қаймықпай қарсы тұрған Барысхан іштей ширығып, ерте есейіп, азамат болып қалыптасады.

Барысхан бейнесі осы қым-қиғаш оқиғалар арқылы айқындала түсіп, келе-келе шынайы көркем образға айналады. Мұның бәрі мақалада нақтылы дәлелдер, шығармадан алынған мысалдармен дәйектеледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сманов, Б., Құттыбаев, Ш. і Абдимомынов, Е. 2021. ҚАЛАМГЕР ЖӘНЕ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ (Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы автор бейнесі). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 277–283. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.44.