Мақалада қазіргі қазақ прозаларының мазмұны мен пішіні поэтикасына жаңа жазба реалистік әдебиет үлгілерінің (хакім Абай, Ы. Алтынсарин, т.б. шығармалары) классикалық көркемдік негіз болғандығы баяндалады. Қазақ прозасының Шоқан, Ыбырай, Абай қалыптастырған үлгілері және одан кейінгі даму кезеңдеріндегі шығармалар – ұлттық рухани құндылықтар.Сондай - ақ қазақ прозасындағы роман жанрының әлем әдебиетіндегі үлгілермен тектесе дамуына ықпал еткен ХХ ғасырдың басындағы әдеби үдеріс пен жеке қаламгерлер туралы байыптаулар жасалды.Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романдарының біразы XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басында жарыққа шықты. Қазақстан атты ежелгі тарихының жаңа кезеңіне көшкен, байырғы жолы бұған дейінгі талай мыңжылдықтардан басталған, қалыптасқан мемлекетіміздің, қазақ ұлтының көркем әдебиеттегі бейнеленуі сөз арқауындағы дәстүрлі шығармашылық үрдіс аясында қарастырылады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Саметова, Ж. і Айтимов, М. 2021. ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПОЭТИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҮНДЕСТІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 257–263. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.40.