Бұл мақалада қазақ фольклортануының терминдер сөздігін жасаудың қағидалары мен тәжірибесі сипатталады, қазақ фольклортануының қазіргі жетістіктеріне негізделген терминдер талданады. Қазақ фольклортану ұғымдары мен терминдерінің даму бағыттары мен негізгі кезеңдері ұлттық фольклортанудағы терминдер базасының қалыптасу тарихымен тікелей байланысты. Қазақ фольклортануы саласында ұлттық және жалпы түркілік терминқор басым болса, ал орыс тілі арқылы шет тілден енген терминдердің үлесі аз екенін талдау нәтижесі көрсетті. Алайда фольклор жанрлары негізінен ұлттық терминдерден құралса, жалпы фольклортанулық терминдер мен ұғымдар халықаралық терминдерден тұрады. Қазақ фольклортануының терминдерін біріздендіру мақсатында фольклортанудың ғылыми терминдерін жүйелеу мен қалыптастыру, бекітілген дәстүрлі терминдерді өзгерту, терминдердің көп мағыналығы мен жарыспалы қолданысы қарастырылды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
терминдер сөздігі, ғылымитермин, фольклор, фольклортану, жанр, терминдерді біріздендіру, терминжасам
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Рақыш , Ж. 2021. ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРТАНУ ТЕРМИНДЕРІ: СӨЗДІК ЖАСАУ ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 244–250. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.38.