Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЕЛ БАСҚАРУ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖЫР-ТОЛҒАУЛАР ПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Жарияланды June 2021

326

321

Сулеймен Демирел университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Н. Өтеген

Phd доктор,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А Қалниязова

докторант,

Аннотация

Жыраулар қай кезде де елдің әлеуметтік жағдайын, хан-сұлтандар мен халық арасын, жаугершілік заманда ұрпағының бас амандығына алаңдаушылықты және сол мәселелерді шешуді басты мақсат етіп қояды. Қай кезеңде болмасын жыраулар жыр-толғауларында ел, жер, қоғамның шешілмеген мәселелері, орта, ұрпақ тәрбиесі, жақсы мен жаман арасы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік айырмасын жете түсіну, қиындықтарды шешу, т.б. айтылады. Мақалада жауынгер жыраулар келелі прагматикалық қуатты жыр толғауларымен елдің, ел мен жерін қорғайтын ер азаматтардың патриоттық рухын көтерудегі рөлі талданады. Жауынгер жыраулардың тыңдаушысына айтар сөзінің құдірет күші ел рухын көтеріп қана қоймай, күрмеуі қиын шешілмеген мәселелерге және ел басқаруға қатысты келелі ойларын айта білді. Жауынгер жыраулар ырғақты, ұйқасты, терең ойлы толғауларымен елдің ішкі де, сыртқы да саясатына араласып, қазақ халқының ер азаматтарына жауынгерлік рух беріп отырған.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Өтеген , Н. і Қалниязова, А. 2021. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЕЛ БАСҚАРУ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖЫР-ТОЛҒАУЛАР ПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 237–244. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.37.