Ұлттық сананы жаңғырту жағдайында тілдік тұлғаның менталды лексиконындағы жаңа сөздердің кумулятивтену процестерін ғылыми-қолданбалы тұрғыдан жүйелеу, негіздеу және қорытындылау – ғылым дамуының заманауи талабына сәйкес қажеттілік. Бұл Қазақстандағы тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыруға нақты үлес қосады және қазақ тілінің инфрақұрылымын жетілдіруге, стандарттауға, “мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін” қалыптастыруға, латыннегізді жаңа қазақ әліпбиін енгізуде қазақ тіліне деген сұранысты арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. Сондай-ақ менталды лексикондағы жаңа сөздердің кумулятивтенуін зерделеу тілдердің дамуы ұқсас қазіргі түркі тілдері үшін аса өзекті. Мұның нақты себептері бар, атап айтқанда тілді когнитивтік аспектіде қарастыратын зерттеулерде байқалады. Неологизмдерді когнитивтік аспектіде зерттеуге арналған бірқатар еңбектерге жасалған шолу қазіргі ғылыми парадигмада жаңа сөздерді зерттеу өзекті екендігін және қажеттілігін танытады.
Мақалада жаңа сөздердің тілдік тұлғаның менталды лексиконындағы кумуляциясын зерделеудің өзектілігі мен қажеттілігін көрсететін ғылыми межелер талданады.