Грамматология – дәстүрлі тіл білімі саласы, ол әліпби әріптері мен сөйлеу дыбыстары арасындағы қатынасты белгілейді және зерттейді. Грамматология тіл білімінің саласы ретінде ертеректе пайда болған. Тіл білімімен қатар философиялық, мәні бар ерекше танымдық пән ретінде қарастырылады. Грамматологияға жазу мәдениетімен байланысты қарастырылады. Яғни жазу мен мәдениет тарихындағы қоғамды тануды қарастыратын ілім. Осымен байланысты мақалада грамматология саласына қатысты іргелі ұғымдар мен түсініктер, грамматологияға қатысты тілтанымдық терминдер сараланады. Графикалық лингвистика саласында қолданылатын көптеген терминдер түрлі семантикалық мазмұнға ие. Бұл лингвистикалық мектептің дәстүрін ұстануға байланысты. Осыған байланысты мақалада грамматологияға қатысты, графема, графика, орфография сияқты іргелі білімдер жүйесі өзара арақатынасы мен айырмашылықтары сараланады. Графика мен орфография салалары грамматологияның негізгі тілтанымдық аспектімен байланысты қарастырылатын ішкі бөқошектері. Себебі олар жазу мәселесіне тікелей қатысты. Бірақ екеуінің зерттеу нысаны да, қарастыратын объектілерінде де ерекшеліктер жоқ емес. Дегенмен, олар бірінсіз бірі болмайтын, ажырамас өзара тәуелді категориялар. Графика – жазудың таңбалану жүйесін реттейтін болса, орфография таңбаланған жазудың тұрақты қалпын қарастырады.
ҚАЗАҚ ГРАММАТОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ПАРАМЕТРЛЕРІ
Жарияланған June 2021
123
172
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Амиржанова, Н. 2021. ҚАЗАҚ ГРАММАТОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ПАРАМЕТРЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 76–84. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.11.