Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДІ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

Опубліковано March 2026

1

-4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Анотація

Мақалада қазақ поэзиясын ағылшын тіліне аударудың заманауи және классикалық теориялық тәсілдеріне шолу жасалады. Ерекше назар А. Жовтис еңбектеріне негізделген әдістемеге аударылады. Бұл әдістеме line-by-line жолма-жол аударманы және кейінгі ырғақтық бейімдеуді қамтиды, соның нәтижесінде түпнұсқаның музыкалылығы, көркемдік әсері және тарихи-мәдени контексті сақталады. Мысал ретінде Абай Құнанбаев пен Мұқағали Макатаев шығармалары қарастырылады. Абай өлеңдерін аудару барысында XIX ғасырдағы ағылшын поэзиясының өкілдері У. Блейк пен У. Колридж шығармашылығы бағдар ретінде алынса, М. Макатаев поэзиясын жеткізуде XX ғасырдағы ағылшын поэзиясы, атап айтқанда У. Х. Одэн шығармашылығы негізге алынды. Шолу нәтижесінде таңдалған әдістеменің көркем аударманың барабарлығын қамтамасыз ететіні және оны қазақ поэзиясының әр түрлі дәуірлерін талдау мен практикалық аудармада қолдануға болатыны анықталды.

PDF (Русский)