Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

филология ЖАСТАР ТІЛІНІДЕГІ ИНТЕРНЕТ-СЛЕНГ: КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Жарияланды March 2026

66

61

Қазақ Ұлттық спорт университеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Орталық Азия инновациялық университеті
Аннотация

Мақалада қазіргі жастар қарым-қатынасындағы интернет-сленгтің социолингвистикалық, когнитивтік және лингвомәдени ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер кеңістігінде қалыптасқан сленгтік бірліктердің пайда болу алғышарттары, олардың таралу тетіктері мен жастар дискурсында атқаратын коммуникативтік қызметтері жан-жақты талданады. Интернет-сленг жастар арасындағы бейресми қарым-қатынасты ұйымдастыратын, эмоциялық-экспрессивті мәнді күшейтетін және әлеуметтік идентификацияны қамтамасыз ететін маңызды тілдік құрал ретінде сипатталады. Зерттеу барысында интернет-сленгке қатысты шетелдік және отандық ғалымдар тұжырымдары жүйеленіп, олардың сленгті семантикалық динамика, когнитивтік құрылым, ұлттық тілдік орта, билингвизм және әдеби тіл нормаларымен сабақтастықта қарастыру бағыттары салыстырмалы түрде сараланады. Шетелдік зерттеулерде сленгтің мағыналық өзгергіштігі мен когнитивтік табиғатына басымдық берілсе, отандық еңбектерде оның қазақ тілінің дамуына, тілдік мәдениетке және әдеби тіл нормаларына ықпалы мәселелері кеңінен қарастырылады. Сонымен қатар мақалада интернет-сленгтің концепт ретінде қалыптасуы когнитивтік модельдер мен фреймдер негізінде сипатталып, сленг бірліктерінің жастар санасында белгілі бір эмоциялық, бағалауыш және әлеуметтік мәндермен тұрақты байланыс орнататыны көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері жастар тілінің динамикасын, қазақ тілінің қазіргі даму үдерістерін және цифрлық коммуникацияның тілге әсерін тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақала интернет-сленгті тіл дамуының табиғи көрінісі әрі заманауи жастар мәдениетінің маңызды тілдік индикаторы ретінде бағалауға ғылыми негіз ұсынады

PDF
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Д.М., Б. et al. 2026. филология ЖАСТАР ТІЛІНІДЕГІ ИНТЕРНЕТ-СЛЕНГ: КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 95, 1 (Бер 2026), 23–36. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2026.95.1.002.