Мақала Дзюнъитиро Танидзакидің «Көлеңкенің мақтауы» эссесіне талдау жасауға арналған. Бұл туындының мазмұны мен авторлық көздеген ойы ұзақ уақыт бойы ғылыми пікірталастың нысаны болып қала береді. Әдебиеттерге қысқаша шолу эссені түсіндірудің әртүрлі интерпретацияларын көрсетіп, жапон жазушысының мәтінін мәдени қарсылық нарративі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін гипотезаны ұсынуға жол ашады. Аталған тезис мақала авторы тарапынан ХХ ғасырдың басындағы Жапонияның әлеуметтік-тарихи және мәдени-саяси контексін ескере отырып негізделеді. Зерттеу отаршылдықтан кейінгі зерттеулер, бірегейлік теориясы, имагологиялық әдіс және контекстік талдау шеңберінде жүзеге асырылады. Мақалада талданатын мәтінді өндірудің шарттары, Батыстың мәдени үстемдігі кезеңінде жапон қоғамы бастан кешірген өзіндік дағдарысы, сондай-ақ «Көлеңкенің мақтауы» эссесінің 1920–1930 жылдардағы Жапонияның қоғамдық пікірталасындағы орны басты назарға алынады. Мақаланың мақсаты – Д. Танидзакидің ниеті мен оның авторлық стратегияны таңдауын анықтау. Ұсынылып отырған интерпретация талданатын эссені Жапонияның мәдени отарлануына берілген жауап әрі жапондықтардың ойлау жүйесін тәуелділіктен арылтуға бағытталған талпынысы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері «Көлеңкенің мақтауы» эссесі ХХ ғасырдың алғашқы үштен бірінде жапон авторлары жазған мәдени қарсылық аясындағы маңызды мәтіндер корпусының ажырамас бөлігі екенін көрсетеді.
ДЗЮНЪИТИРО ТАНИДЗАКИ ЭССЕСІ «КӨЛЕҢКЕНІҢ МАҚТАУЫ» МӘДЕНИ ҚАРСЫЛЫҚТЫҢ БАЯНЫ РЕТІНДЕ
Жарияланды June 2026
2
-3
Аннотация
Тілі
Русский
Кілттік сөздер
Түйін сөздер: Мәдени қарсылық, нарратив, ойлауды отарсыздандыру, өзіндік ориентализм, бірегейлік, ниет.
Как цитировать
[1]
А.Т., М. 2026. ДЗЮНЪИТИРО ТАНИДЗАКИ ЭССЕСІ «КӨЛЕҢКЕНІҢ МАҚТАУЫ» МӘДЕНИ ҚАРСЫЛЫҚТЫҢ БАЯНЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 96, 2 (Чер 2026), 27–39. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2026.96.2.003.

