Мақалада қазақ әдебиетіндегі интермәтін поэтикасының көркем мәтіндегі қызметі кешенді түрде қарастырылады. Интермәтіндік тәсілдердің цитаталық, аллюзиялық, пародиялық және реминисценттік түрлерінің көркем мәтінде көрініс табу ерекшеліктері айқындалып, олардың поэтикалық, экспрессивтік, апеллятивтік, метатекстік және ақпараттық қызметтері талданады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі қазақ әдебиетінің постмодернизм кезеңінде интермәтіндік байланыстардың күшеюімен және мәтіндер арасындағы диалогтың тереңдеуімен айқындалады. Зерттеуде сипаттамалы, салыстырмалы және мәтіндік талдау әдістері қолданылды. Мақаланың мақсаты интермәтін поэтикасының көркем мәтіндегі рөлін ашу және оның көркемдік эстетикалық маңызын айқындау. Зерттеу нәтижелері әдебиеттану теориясын толықтырып қазіргі мәтінтану тәжірибесінде интермәтіндік талдау үлгілерін қолдануға ғылыми негіз қалыптастырады және отандық гуманитарлық зерттеулердің әдіснамалық әлеуетін кеңейтеді болашақ ғылыми жұмыстар үшін маңызды бағыт.
ИНТЕРМӘТІН ИНТЕРМӘТІН ПОЭТИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Жарияланған December 2025
46
41
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
интермәтін, поэтика, постмодернизм, көркем мәтін, интертекстуалдылық, аллюзия, реминисценция.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Т., К. і А.Д., И. 2025. ИНТЕРМӘТІН ИНТЕРМӘТІН ПОЭТИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 94, 4 (Груд 2025), 81–87. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.94.4.009.

