Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ ҮШТІЛДІЛІК: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Жарияланды December 2025

110

105

Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Аннотация

Мақалада үштілділік тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Қазіргі тіл саясаты контекстінде қазақ тілінің дамуы қарастырылады. Қазақ тілінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін және сонымен бірге оның жүйесіндегі трансформациялық процестерді тудыратын социолингвистикалық құбылыс ретінде үштілділік құбылысы талданады. Тілдің лингвистикалық құрылымындағы өзгерістерге, терминологиялық базаны қалыптастыруға және жаңартуға, тілдік нормаларды тұрақтандыруға, сондай-ақ көптілді орта жағдайында жастардың тілдік санасының қалыптасуына ерекше назар аударылады. Мақалада жаһандану жағдайында қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретіндегі үштілділіктің рөлі ғылыми негізделеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс тілінің функцияларын сақтауға және халықаралық коммуникация тілі ретінде ағылшын тілін дамытуға бағытталған тіл саясаты Қазақстанның әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялануына ықпал ететіні атап өтілді.

PDF (Русский)
Тілі

Қазақ

Кілттік сөздер
Как цитировать

[1]
Т.Ж., Т. et al. 2025. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ ҮШТІЛДІЛІК: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 94, 4 (Груд 2025), 47–61. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.94.4.006.