Мақалада қазақ балалар прозасы, соның ішінде тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген әңгімелерге талдау жасалады. Ұлтымыздың болашағы саналатын балалар әдебиетінің өзектілігі, оған мән берудің қажеттілігі дау тудырмайды. Қазіргі балалар әдебиетінің көркемдік сипаты, даму жағдайы, көтерген әлеуметтік мәселесі сынды дүниелерге мақалада нақтылы мысалдар негізінде талдау жасалады. Бала психологиясы қаншалықты нәзік, қаншалықты құнды болса, оған арналған әдебиеттің де талданып, өз деңгейінде сөз болып, мораль, адамгершілік, ұлттық құндылық хақындағы жазушы ойлары жеткілікті сөз болады. Автор өскелең ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарай білген және дер кезінде үн қоса білген қаламгерлердің шындықты өз бояуында, нанымды бере білген туындылардың көркемдік ерекшелігі мен құндылығын, оқырман жүрегіне жол тапқанын сөз етеді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Әшімбаева, Ә., Тұрсынәлі, Ж. і Сабигазина, С. 2021. ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 192–197. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.29.