Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС РОМАНТИЗМІНІҢ ЭСТЕТИКАСЫ МЕН ПОЭТИКАСЫНДАҒЫ ДУАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Опубліковано June 2025

102

97

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тұран университеті
Анотація

Мақалада еуропалық романтизмдегі дуалдылық концепті негізделеді. Бұл концепт материалдық пен рухани бастамалардың әмбебап қарама-қарсылығы философиясына негізделген жалпы универсум тұжырымдамасымен тығыз байланысты болды. Орыс романтизмі еуропалық романтизмнің идеясын жалғастырып, жалпы дуалдылық концепциясын белсенді түрде дамытты. В. Жуковский, К. Батюшков, Е. Баратынский шығармаларының көркем мәтіндеріне сүйене отырып, авторлық ойдың мазмұнында сюжеттегі күрделі шиеленістер мен парадокстарды тану идеясы жатқандығы дәлелденеді. Бұл парадокстар қосарлы сюжет құрылымында ашылады: сыртқы сюжет желісі әртүрлі қосарланған бейнелердің бөлінуі мен бөлшектенуін көрсетсе, астарында ішкі бірлік идеясы жатыр. А. Погорельскийдің прозалық циклінің материалы негізінде орыс романтизмінің дуалдылық концепциясына беріктігінің қағидалары анықталады. Онда автомат мотиві, айна тәрізділік тәсілі және «екі» саны мен оның ықтимал мағыналарымен ойнау секілді көркемдік әдістер пайдаланылады. Қорытындысында, еуропалық және орыс романтизмінің маңызды авторлық міндеттерінің бірі – адамның психологиялық дуалдылық жағдайындағы болмысын, табиғатын және жан дүниесін терең зерттеу мен тану болғандығы туралы тұжырым жасалады.

PDF (Русский)
Мова

Русский

Як цитувати

[1]
Ж.Б., И. et al. 2025. ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС РОМАНТИЗМІНІҢ ЭСТЕТИКАСЫ МЕН ПОЭТИКАСЫНДАҒЫ ДУАЛИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 92, 2 (Чер 2025), 44–53. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.92.2.005.