Мақала синонимдерді кешенді талдаудың құрамдас бөлігі – психолингвистикалық тәсілдің тиімділігін дәлелдеуге арналған. Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығын дамыту арқылы тілдің өміршеңдігін арттыру үрдісі қалыптасты. Тілдің сөз байлығының басты көрсеткіші – синонимдер деп танысақ, оның дамуындағы өзгерістерді айқындау арқылы тілдің даму динамикасын да анықтауға болады деген сөз. Сондықтан синонимдік қатардың кеңею немесе тарылу үдерісін кешенді зерттеу аса маңызды. Мақалада қазіргі қазақ тілінің синонимдер сөздігін кешенді толықтыру қажеттілігі және оны шешу жолдары ұсынылды. Тіліміздегі синонимдер қатары лексикалық қабатты толық қамтымаған, лексикалық синонимдермен шектелген. Авторлық окказионалды қолданыстар, тұрақты тіркестер, тұрақты теңеулер, бейнелі сөздер мен перифразалар синонимдік қатарға енбеген. Ендеше мағыналас бейнелі қолданыстар адамның ассоциациялық және стереотиптік танымынан туындайтын қарабайыр және ойбейнелерінің тілдегі көрініс болғандықтан синонимдік қатардан орын алуы тиіс. Синонимдес бірліктер қатары көп болған сайын, тілдің құндылығы артатынын мағыналас сөздерге психолингвистикалық тәсілдер арқылы талдау жасау негізінде дәлелденді. Осының негізінде мақаланың мақсаты – синонимдерді психолингвистикалық әдіспен зерттеуге болатынын дәйектеу. Мақалада ассоциативтік талдау тәсілі, орын ауыстыру тәсілі, интиутивтілік тәсілі, стереотиптік таным тәсілдерінің тиімділігі дәлелденді.
Филология Қазақ тілінің синонимдерін психолингвистикалық әдіспен зерттеу жолдары
Жарияланған March 2025
18
19
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
синоним, лингвистика, синонимдік қатар, бейнелі сөздер, семантика, психолингвистика, т.б.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С.А. , Ж. і Ә., Е. 2025. Филология Қазақ тілінің синонимдерін психолингвистикалық әдіспен зерттеу жолдары. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 91, 1 (Бер 2025), 5–13. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.91.1.001.