Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ТОНИ МОРРИСОННЫҢ «СҮЙІКТІ» РОМАНЫНДАҒЫ МИСТИКАНЫҢ ТАБИҒАТЫ

Жарияланған April 2025

11

8

Қарағанды университеті
Аңдатпа

Бұл-1993 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Тони Моррисонның «Сүйікті» романында автордың мистика элементтерін пайдалануын талдауға арналған мақала. Мақалада романдағы мистиканың мән-мағынасы мен оның талданып отырған шығарманың жанрлық ерекшелігіне әсері туралы ағылшын тіліндегі әдебиеттанудағы бар интерпретациялар көрсетілген. Бұл мәселе жарақат теориясы мен ұжымдық жады тұжырымдамасы аясында қарастырылады. Мақала авторы Т. Моррисонның «Сүйікті» романындағы мистиканың шығу тегі мен семантикасына қатысты гипотезаны ұсынып, оған талдау жасайды. Басты назар роман кейіпкерінің бастан кешкен зардаптары мен күйзеліс тәжірибесіне аударылады. Т. Моррисон үшін мистикалық элементтер кәдімгі көркемдік құралдармен және логикалық тілмен жеткізуге болмайтын нәрсені жеткізудің негізгі көрнекі құралына айналады. Сонымен қатар мистикалық табиғатты зерттеу Т.Моррисонның көркемдік әдісінің өзіндік ерекшелігін және алмастырушы бейнелі тілдің функцияларын ашуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Т. Моррисонның үстем болып табылатын ағылшын-саксондық әдеби дәстүрден өзгеше афроамерикалық жазу канонын құруға қосқан үлесі туралы мәселе көтеріледі.

 

PDF (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
А.Т., М. 2025. ТОНИ МОРРИСОННЫҢ «СҮЙІКТІ» РОМАНЫНДАҒЫ МИСТИКАНЫҢ ТАБИҒАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 91, 1 (Квіт 2025), 36–48. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.91.1.005.