Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

Көптілділік жағдайында жастар арасында қазақ тілін қолдану динамикасының өзгеруі

Опубліковано December 2024

272

267

Казахский национальный женский педагогический университет
Анотація

Мақалада жаһандану мен көптілділіктің әсерін күшейтетін әлеуметтік-мәдени және білім беру процестерінен туындаған көптілділік жағдайында жастар арасында қазақ тілін қолдану динамикасының өзгеруі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты жастар арасында қазақ тілін меңгеру мен қолдану деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ оның даму тенденцияларын сипаттау болып табылады. Мақсатқа жету үшін әлеуметтік-лингвистикалық жағдайды талдау, қазақ тілінің білім беру үдерістері мен күнделікті өмірге интеграциялану дәрежесін бағалау, жастардың мемлекеттік тілді қолдануға деген уәждемесін зерделеу міндеттері қойылды. Зерттеу гипотезасы ретінде көптілді білім беру бағдарламаларын белсенді енгізу және халықаралық тілдерді (мысалы, ағылшын және орыс тілдерін) кеңінен қолдану жастар арасындағы күнделікті және кәсіби қарым-қатынастағы қазақ тілінің рөлін төмендетуге әсер етеді деген тұжырым алынды. Зерттеудің әдіснамалық негізіне әлеуметтанулық сауалнамалар, сұхбаттар, статистикалық деректерді талдау кіреді. Нәтижелер көрсеткендей, білім беру ортасында қазақ тіліне деген қызығушылықтың артуына, оны мәдени мұра ретінде сақтауға деген ұмтылысқа қарамастан, нақты қарым-қатынаста, әсіресе кәсіби салада және әлеуметтік желілерде жастар орыс және ағылшын тілдерін көбірек қолданатындығы анықталды. Зерттеу негізінде инновациялық білім беру технологиялары арқылы қазақ тілін мемлекеттік қолдауды күшейту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және оны өмірдің әртүрлі аспектілерінде пайдалану үшін мотивациялық жағдайлар жасау қажеттілігі туралы қорытынды жасалынады, бұл оның көптілділік жағдайында тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

PDF
Мова

Українська

Як цитувати

[1]
М.К., К. 2024. Көптілділік жағдайында жастар арасында қазақ тілін қолдану динамикасының өзгеруі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 90 (Груд 2024), 23–33. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.90.4.003.