Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

«ДАҢҚ ПЕН ДАҚПЫРТ» РОМАНЫНДАҒЫ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ

Жарияланған December 2024

19

16

КазНУ им. аль-Фараби
Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті ақын, жазушысы Жұмекен Нәжімеденовтің «Данқ пен дақпырт» романына талдау жасалған. Романның бас кейіпкерінің тағдыры арқылы жазушы өз дәуіріне тән өзекті мәселелерді қамтыған. Шығармада бір-біріне характерлік тұрғыдан қарама-қайшы кейіпкерлер образы жан-жақты сипатталады. Зерттеу жұмысында романның көркемдік-идеялық ерекшелігін зерттеп, романдағы даңқ пен дақпыртқа құрылған өнер адамының тағдырын сараптау негізге алынады. Шығарманың көркемдік қуатын арттыру үшін қолданылған мәтіндегі монолог, диалог, ситуация секілді психологиялық әдіс-тәсілдердің рөліне айрықша мән беріледі. Өнер жолындағы түрлі қақтығыстарды, атақ-даңқтың да екінші көлеңкелі тұсын, шығармашылық күйреу секілді проблемаларды көркем шығарманың идеясына айналдырған жазушы шеберлігі де сарапталады. Халық болмысының негізгі діңгегіне айналған ұлттық таным-түсінік, салт-сана, әдет-ғұрып жайы тілге тиек етіліп, шығармадан мысал келтіре отырып талданады.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жолдасқалиқызы Ә., Б.З.-Ғ. 2024. «ДАҢҚ ПЕН ДАҚПЫРТ» РОМАНЫНДАҒЫ ДӘУІР ШЫНДЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 90 (Груд 2024), 41–46. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.90.4.006.