Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИКРОЖАНРЛАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Опубліковано December 2024

247

242

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Анотація

Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасындағы микрожанрларының, оның ішінде шағын әңгіменің жанрлық ерекшеліктері талданады. Қазақ әдебиетіндегі микрожанрлардың пайда болуы мен дамуы, олардың көркемдік, құрылымдық, идеялық ерекшеліктері қарастырылады. Әдебиетте қалыптасқан шағын формалардың заманауи тақырыптар мен жанрлар эволюциясын бейнелеудегі рөліне ерекше назар аударылып, микрожанрлардың ұлттық прозадағы орны, олардың дәстүрлі, жаңашылдық қырлары атап өтілді.

Микрожанрлар, әсіресе шағын әңгімелер ұлттық әдебиеттің заман динамикасына, қазіргі оқырман сұранысына сай жаңаруына ықпал етуде. Сонымен қатар, зерттеуде шағын әңгімелердің поэтикасы мен баяндау тәсілдері, олардың терең идеялық мағына мен өмір шындығын жеткізудегі икемділігі қарастырылады. Бұл зерттеу қазіргі қазақ прозасының жаңа көкжиектерін ашып, әдебиеттану ғылымын одан әрі дамытуға жасалған маңызды қадам деп есептейміз.

PDF
Мова

Українська

Як цитувати

[1]
Мәтбек Н., Н.А. 2024. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИКРОЖАНРЛАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 90 (Груд 2024), 59–65. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.90.4.009.