Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

the «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДИСКУРСТЫҚ СИПАТЫ

Жарияланды September 2024

172

167

КазНПУ им. Абая
Аннотация

Мақалада Қытай Халық Республикасындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романына талдау жасалған. Бұл зерттеу жұмысында аталған еңбектің негізгі кейіпкерлері, олардың ішкі ойлары мен сыртқы ортаның байланысы туралы дискурстық тұрғыдан жан-жақты сипатталады. Негізгі фабула көркем уақыт пен көркем кеңістік ұғымына сәйкес оқиғалар болып жатқан дәуірдің шындығынан шығатыны айтылған. Жазушының көркем туындысы психологиялық зерттеудің сан түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы көркемдегіш құралдарды үйлестіре білгендігі анықталады.  Бұдан бөлек, өмір шындығы мен шығармада суреттелген уақыт пен кеңістіктегі саяси және әлеуметтік қақтығыстарды көркем деңгейде бере білген жазушының шеберлігі де талдау нысанына алынады.

Сондай-ақ Қ. Шабданұлының алтытомдық «Қылмыс» романының көркемдік-идеялық ерекшеліктерін зерттеп, бүгінгі күн тұрғысынан саралау да ғылыми мақаланың негізгі мақсаты етіп алынған. Әлі күнге кең ауқымды зерттелмеген бұл романды қазіргі әдебиеттану және мәтінтану ғылымындағы соңғы тенденция дискурстық негізде талдау көзделеді. Әлемдік және отандық ғалымдардың осы терминге байланысты пікірлері мен тұжырымдарына шолу жасалады. Жазушы қолданысындағы транзакциялық және экспозициялық дискурс түрлеріне, баяндау жүйесіне мән беріледі.

PDF
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Мурсал А., А.Н. 2024. the «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДИСКУРСТЫҚ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 89 (Вер 2024), 29–36. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.89.3.003.