Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЛИНГВОМӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕГІ «ҚАРЫЗ БЕН ПАРЫЗ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ВЕРБАЛДАНУЫ

Жарияланды July 2024

229

224

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аннотация

Әр ұлттың, әр этностың, әр қоғамның алуандылығына қарамастан олар бірегей ерекше, ғаламды құнды, құндылықтардың асылы. Қарыз/Парыз концептісі арқылы ұлттың ғаламдық бейнесін, этностық қағидаларын, этностың көнеден сақталған өмір сүру тәртібін, өмірдің мәніне деген көзқарасын, ұлттық мінез-құлықты, тәрбиені, стереотипті, ұлттық когнитивтік жүйені анықтауға болады. Этнолингвистиканың түпкі мазмұнында ұлттық мәдениет, этностық ерекшелік, ұлттық тілдің онтологиясы, ғаламдағы ұлттардың алуандылығы, ерекшелігі жатыр. Тілдік қарым-қатынаста әр ұлттың өзіне тән этномәдениеті пен этнопсихологиялық ерекшелігі байқалады, сонымен қатар, өзара ұқсас элементтері де көрініс табады. Осыған байланысты ғалымдардың пікірлерін салыстыра келе тілдегі мәдениет ұлттың тарихына негізделеді деп тұжырымдай аламыз. Оған бір мысал келтірсек, жершарындағы халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілі болып саналады. Тіпті, біршама батыс пен шығыс мемлекеттерінде ағылшын тілі түп негізгі тіл, қала берді мемлекеттік тіл, ұлттық тіл болып саналады. Алайда, әр елдің ағылшын тілінде әр түрлы кодталған мәдениет бар, бір ағылшын тілінде батыс пен шығыс болмысы бар, араласқан болмыс та бар. Әдістеме бөлімінде бірнеше ұлттардың тіліндегі «қарыз бен парыз» концептісін талдауға тырыстық. Олардың өзара ерекшеліктері мен құндылықтары да анықталды. Ғаламның мәдени көрінісі жеке бір ұлттың аксиологиясы төңірегінде қаралмайды, керісінше жершарында қанша ұлт болса, солардың әр қайсысының ерекшелігі мен ұқсастықтарын қарау арқылы ортақ «қарыз бен парыз» құндылығының семантикасын табу, барлық ұлтқа тең адамзаттық аксиологияны айқындау арқылы ғаламның мәдени ахуалын анықтауға болады. Осы мақалада сәл де болса, адамзатқа ортақ парыздық/қарыздық қағидаларды қозғай алдық деп ойлаймыз.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Жиренов С.А.,Кульманова З.Б., Кенжебаева У.Е. 2024. ЛИНГВОМӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕГІ «ҚАРЫЗ БЕН ПАРЫЗ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ВЕРБАЛДАНУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 88, 2 (Лип 2024), 16–25. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.88.2.002.