Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

Журнал туралы

Журналдың миссиясы филология ғылымдарының жаңа жетістіктерін жариялау және білім беруді жаңғырту мен дамытудың заманауи проблемаларын өзектендіру болып табылады.

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. Филология ғылымдары» сериясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен (Абай атындағы ҚазҰПУ) құрылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Бастапқы есепке қою күні мен нөмірі: 08.05.2009 ж. № 10109-Ж

№ KZ19VPY00033637 (PDF) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою туралы куәлікті 19.03.2021 ж. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті берді.

Басылым идентификаторы: ISSN 2959-5657.

Журналдың редакциялық алқасының құрамын жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар ұсынады.

Журналдың мақсатты аудиториясы: ЖОО және колледж оқытушылары; ҒЗИ қызметкерлері, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер, қазақстандық және шетелдік университеттер мен ғылыми-білім беру мекемелерінің магистранттары мен студенттері, мектеп мұғалімдері және т. б.

Журнал ғылыми дәйексөз индексінің республикалық жүйесіне – қазақстандық дәйексөз базасына (ҚазДБ) – импакт-фактор 0,039 (2020) енгізілген https://nauka.kz/page.php?page_id=795&lang=1&impact_year=2020 

Жарияланымға мәтіннің өзіндік ерекшелігі кемінде 70% болатын электронды түрде ұсынылған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады.

Редакцияға келіп түскен мақалалардың барлық қолжазбаларын рецензияланатын мақаланың тақырыбы бойынша жарияланымдары бар тәуелсіз сарапшылар рецензиялайды.

Мақалаларды қарау мерзімі – 1,5-2 ай.

Жарияланым жиілігі – жылына 4 рет.

Журналдың шығу кестесі:

№ 1 – 30 наурыз

№ 2 – 30 маусым

№ 3 – 30 қыркүйек

№ 4 – 30 желтоқсан